Жеті атаға дейін қыз алыспау шариғаттың талабы ма?
Жеті атаға дейін қыз алыспау шариғаттың  талабы ма?

 Мұсылмандық дәстүр бойынша Құран кәрімде қандай туысқандармен үйленуге болмайтыны айтылған.

Ниса сүресі, 23-аятта: «Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, әпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып қойған әйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді.

Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен әйелдеріңнің қыздарына үйленсеңдер күнә болмайды. 
Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену, һәм апалы-сіңілі екі қызды бірдей әйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дәуірінде) болған іс болды. Расында, Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді» – деп айтылады.

Яғни аятта айтылғандардан басқа туысқандармен үйлене беруге болады. Мұсылман халықтарында, оның ішінде түрік, өзбек, ұйғыр секілді халықтарда бөлелердің немесе немере ағайын секілді туыстардың бір-бірімен үйленуі осы аятқа негізделген. Дегенмен, ислам діні бойынша да әсіресе халифалар тұсында алыстан қыз алу құп көрілген.

Пайғамбарымыз да (с.а.с.) бір хадисте:«Жақын ағайын туыстан қыз алмаңдар, өйткені бала әлсіз боп туады»,– деп айтқан. Әзіреті Омар (р.а.): «Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер»,[1]–деген.

Ғылыми жетекші: Бағашаров Қ.С.
Орындаған: Исағұл Н.Ә.
https://www.kaznu.kz 

 

 

Nazym IsagulNazym Isagul
3 жыл бұрын 1744
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0