Дәстүрлі құндылықтар – қоғам тұрақтылығының кепілі
Дәстүрлі құндылықтар – қоғам тұрақтылығының кепілі

Дәстүрлі құндылықтар – қоғам тұрақтылығының кепілі

Қазақтың ұлттық құндылықтары – бабалардан мирас болып қалған және асыл қазынамыздың бірі болып табылатын тілінде, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдебиетінде, әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған мәдениетінде және адамзат өркениетіне үлес қосқан тарихында жатыр.
Қазақтың салт-дәстүрлерінің бәрі елінің амандығын, жерінің бүтіндігін мақсат тұтқан, отанын сүйетін, ата-анасын құрметтейтін тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға бағытталған.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп білген халқымыз қандай даулы кездер болса да «бір ауыз» сөзге тоқтаған. Елдің шырқын кетіріп, қоғамға іріткі салатын әрекеттерге жол бермеген.
Баланы бесікке салып, бесік жырын айтқан ана:
«Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?», «...Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?», – деп нәрестенің санасына болашақ керекті бағдарламаны сіңірген. Ал, «тұсау кесу» рәсімін өткізу арқылы «ала жіпті аттамасын», «өмірде жолы» болсын деп ниет еткен. Жалпы қазақтың салт-дәстүрлерінің барлығының қоғамда тәрбиелік орны мен маңызы бар екені анық.
Кейінгі кездері ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дүстүрді дінге қарсы қойып, оны жоққа шығаруға тырысатындар байқалуда. Бұл қоғамда қалыптасқан құндылықтарды күйретуге және ішкі тұрақтылықты әлсіретуге бағытталған әрекеттер.
Сондықтан, ел тұтастығын сақтау мақсатында дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.

Ғылыми жетекші: Бағашаров Қ.С.
Орындаған: Исағұл Н.Ә.
https://www.kaznu.kz 

Nazym IsagulNazym Isagul
4 года назад 4375
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0