Жеті атаға дейін қыз алыспау шариғаттың  талабы ма?                           
                
                
                
                    
                    
                        
                        
                             Мұсылмандық дәстүр бойынша Құран кәрімде қандай туысқандармен үйленуге болмайтыны айтылған.Ниса сүресі, 23-аятта: «Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, әпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып қойған әйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді.Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен әйелдеріңнің қыздарына үйленсеңдер күнә болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел...