Ислам дінінде білім алу белгілі бір жаспен шектелмейді. Ата дініміз жас балалардың білім алуына ерекше мән берумен қатар кез-келген жаста білім үйренуге үндейді. Бұған Пайғамбарымыз саллалаһу аләйһи уәсәлләмнің: «Тал бесіктен жер бесікке (қабірге) дейін білім алыңдар» деген хадисі дәлел. Сонымен қатар ардақты Пайғамбарымыз саллалаһу аләйһи уәсәлләм: «Екі күні бір-біріне ұқсас (тең) болған мұсылман зиян ішінде» депті. Бұл сөзде үлкен мән бар. Екі күннің ұқсас болуы деген сөздің астарында, мұсылман адамның біржақты ғұмыр кешпей, үнемі білім талабында ізденісте болу керектігі меңзелген. Ерте кезеңде жоғары қарқынмен дамыған мұсылман жұрттары қазіргі кезде ғылым мен білімдегі бұрынғы биігін жоғалтып алғаны баршамызға белгілі. Әрине бұған әсте дін кінәлі емес, бұл дінді дұрыс қолданбаудан, діннен алшақтаудан туындап отырған құбылыс. Сондықтан да Алла Елшісі Мұхаммед саллалаһу аләйһи уәсәлләм: «Ғылым мұсылманның жоғалтқан дүниесі. Оны қай жерден тапса алсын», деп бұйырыпты.
Алла барша мұсылман үмбетінің білімін арттырсын!
Ғылыми жетекші: Бағашаров Қ.С.
Орындаған: Исағұл Н.Ә.
https://www.kaznu.kz